"Бір игі іс" акциясының мақсаты игі істерді ұйымдастыруға қатысу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық іс-әрекет дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізуге мынадай міндеттерді шешу көмектеседі: балаларда жақсылық, мейірімділік, жақсы, игі істер туралы түсінік қалыптастыру; мектеп жасына дейінгі балаларда ерікті қызметке оң көзқарастар қалыптастыру; мектеп жасына дейінгі балалардың өзін-өзі жүзеге асыруы және олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау, онда табиғи ортада үлкендерден кішіге тәжірибе (ойын, танымдық, әлеуметтік) беру; мектеп жасына дейінгі балаларда дербестік пен жауапкершілікті дамыту; мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік қабілеттерін, ынтымақтастық дағдыларын дамыту ;жауаптылықты, жанашырлық сезімін және көмекке келуге дайындықты тәрбиелеу.