АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АЙНАЛАЙЫН" БӨБЕКЖАЙ - БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АЙНАЛАЙЫН" ПРИ АКИМАТЕ ЕСИЛЬСКОГО РАЙОНА АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

01.03.2024

 

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2023 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Заречное ауылының "Айналайын "бөбекжай - бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, заңды мекенжайы Заречное ауылы, Абылай хан көшесі, 7.

       2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

         "Айналайын" бөбекжайында 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау;

2023 жылы "Айналайын" бөбекжайында 10 қызмет көрсетілді;электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 10 қызмет;

Балабақшадағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

      3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Балабақшада ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау".

                2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://ds0008.aqmoedu.kz/admin "Мемлекеттік қызметтер" бөбекжайында Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, балабақшада ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. "Айналайын" бөбекжайында нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

  2023 жылы "Айналайын" бөбекжайы әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мақалалар жариялап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ай сайынғы негізде бөбекжайдың интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында "Айналайын" бөбекжайы бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауаптылар мемлекеттік қызметтер көрсетуде біліктілікті арттыру курстарынан өтті, болашақта біліктілікті арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оныңсапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

         2024 жылы балабақша жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 748


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст